Индонезияда алапат жер сілкінісі болып, 162 адам қаза тапты

www.bbc.com
www.bbc.com
Құтқарушылар үйінділердің астынан адамдарды іздеп жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Индонезияның Ява аралындағы жер сілкінісінен кем дегенде 162 адам қаза тауып, жүздеген адам зардап шекті. Бұл туралы аймақ губернаторы Ридуан Камил мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

АҚШ Геологиялық қызметінің мәліметтері бойынша, жер сілкінісінің магнитудасы – 5,6. Оның эпицентрі аралдың батыс бөлігіндегі Чианджур қаласында 10 км тереңдікте орналасқан.

Көптеген адам ауруханаға жатқызылды, дәрігерлер көбіне көшеде көмек көрсетуге мәжбүр болып отыр. Құтқарушылар үйінділердің астынан адамдарды іздеп жатыр.

Жер сілкінісі болған жерде халық тығыз қоныстанған, үйлер нашар салынған, олар қоқыс үйінділеріне айналған.

Сондай-ақ Батыс Ява губернаторы Ридуан Камил 326-дан астам адам жарақат алғанын мәлімдеді.

Оның айтуынша, жараланғандар мен қаза тапқандар саны артуы мүмкін, өйткені апат аймағында, оның шалғай бөліктерінде әлі де көптеген адам бар.

Сондай-ақ, губернатор 13 мыңнан астам адам өз үйлерінен кетуге мәжбүр болғанын және 2 мыңнан астам үй бүлінгенін айтты.

Новости партнеров