Қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығыстан қанша адам зардап шекті

tengrinews.kz
tengrinews.kz
Баткен облысының Қақ-Сай және Пасқы-Арық аудандарында қырғыз бен тәжік тараптарының арасында қақтығыс болған еді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қырғыз бен тәжік тарапы шекарадағы қарулы қақтығыс кезінде жараланғандардың санын атады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Қырғызстан ҰҚК Шекара қызметінің мәліметінше, қырғыз тарапының шекарашылары жасалған келісімді бұзып, мемлекеттік шекараның белгіленбеген учаскесінде жауынгерлік позицияларды алған Тәжікстаннан келген жасақты анықтаған.

Кейін Баткен облысының Қақ-Сай және Пасқы-Арық аудандарында қақтығыс басталған.

Қырғызстанның шекара қызметі тәжік тарапы Қырғызстанның Достук және Самарқандек деген екі шекара бекетін атқылағанын хабарлады.

"Бұлақ-Башы ауданында болған қарулы қақтығыс салдарынан Қырғыз Республикасы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті Шекара қызметінің екі әскери қызметкері зардап шекті. Сондай-ақ шекара заставасының учаскесінде Қырғызстанның екі азаматы зардап шекті. Кейін Қырғызстанның Денсаулық сақтау министрлігі зардап шеккен азаматтардың саны үш адамға жеткенін мәлімдеді", - делінген хабарламада.

Ал Тәжікстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің шекара қызметі Қырғызстан тарапын қақтығысты бастады деп айыптады.

"14 қыркүйекте сағат 07:15 шамасында Қырғызстан шекарашылары еш себепсіз Тәжікстан шекарашыларына оқ атты. Бұған қоса Қырғызстанның басқа өңірлерінен қосымша әскери күштер мен құралдар келді", - делінген хабарламада.

Новости партнеров