|
14.09.2022 | 11:32
3583

Қырғыз-тәжік шекарасында атыс болды

Тараптар кездесу ұйымдастыруды жоспарлап отыр

Қырғыз-тәжік шекарасында атыс болды vesti.az


Қырғызстан мен Тәжікстан шекарашылары Баткен облысының Бұлақ-Башы шекара аймағында тағы да бір-біріне қарсы қару қолданды. Оқиға салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер туралы әзірше мәлімет жоқ, деп хабарлайды Almaty.tv тілішсі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Қырғызстан Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі ұсынған мәлімет бойынша, қақтығысқа Баткен облысының Бұлақ-Башы ауданында Тәжікстан Республикасының шекара жасағының пайда болуы себеп болған.

Тәжік сарбаздары қос тараптың арасында бұған дейін жасалған келісімдерді бұзып, мемлекеттік шекараның белгіленбеген учаскесінде жауынгерлік позицияға жайғасқан, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

"Қырғыз тарапының аумақтан кету туралы заңды талабын елемей, тәжік шекарашылары қарсы оқ атқан. Бұған жауап ретінде Қырғызстан Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің шекарашылары да қару қолданды. Екі тараптың шекара жасақтары арасында атыс басталып, оқиға барысында тәжік тарапы минометтер қолданды", - деп хабарлады Қырғызстан шекара қызметі.

Сағат 09:30-дағы мәлімет бойынша, атыс біресе тоқтап, біресе қайта басталып жатыр. Алдын ала ақпарат бойынша, қырғыз тарапынан қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Баткен шекара жасағының басшысы оқиға орнына аттанды. ҚР МҰҚК Шекара қызметі Баткен облыстық басқармасының басшысы Кыялбек Толонбаев пен ТР МҰҚК Шекара әскері Соғды облыстық басқармасының басшысы Х.Пиракзода қақтығыстың өршуіне жол бермеу бойынша телефон арқылы сөйлесті.

Тараптар кездесу ұйымдастыруды жоспарлап отыр.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир