Метеориттің Айға құлаған сәті видеоға түсіп қалды (ВИДЕО)
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Испаниядағы Уэльвы университетінің астрономы Хосе Мария Мадиедо 21 қаңтарға қараған түні ай тұтылған кезде құлаған метеоритті түсіріп алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл туралы ғалым New Scientist басылымына мәлім етті.
Мадиедоның айтуынша, Айдың тұтылған кезіндегі метеориттің құлауын көптен бері көргісі келіп жүрген.
«Мен тап осы жолы бұл оқиғаның болатындығына сенімді едім»,- деп мәлімдеді астроном. Тұтылу кезінде ол Айдың әр бөлігін бақылау үшін сегіз телескоп пайдаланған.
Ғалымның айтуынша, метеориттің салмағы шамамен екі келіге жуық және көлемі футбол добымен шамалас.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
14.11.2026 11:34
Кофенің пайдасы мен зияны: дәрігерлер нені ескертеді
13.11.2026 12:40
Күн сайын қанша жұмыртқа жеген дұрыс
14.11.2026 12:38
Дәрігерлер ашқарынға жеуге болмайтын тағамдарды атады
14.11.2026 11:36