Музыка тыңдап жатқан кезде қайтыс болған
nabludatel
Құлаққап арқылы телефоннан музыка тыңдап отырған сәтте оны ток ұрған делінеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Таиландтың солтүстік-шығысындағы Ройет қаласында оқушы қыз қуаттау құрылғысына қосылған смартфоннан музыка тыңдап жатқан кезінде қайтыс болған, деп хабарлайды Tengrinews.kz Lenta.ru-ға сілтеме жасап.
Дереккөз мәліметінше, 16 жастағы Таниалук Фай Пхадасридің денесі 10 қыркүйекте, бейсенбіде табылған. Ол күйіп қалған телефонды қолына қысып жатқан күйі табылды.
Мойны мен қолы күйік алғаны айтылады. Марқұмның әкесі қызына жүрек-өкпе реанимациясын жасауға тырысып, дәрігерлерді шақырған.
Алайда Пхадасриге көмектесу мүмкін болмады, оқиға орнына келген дәрігерлер оның өлімін тіркеді.
Полицейлердің айтуынша, қыз өз бөлмесінде отырған. Құлаққап арқылы телефоннан музыка тыңдап отырған сәтте оны ток ұрған делінеді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
02.11.2026 08:11
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33
Суыққа аллергия деген не және одан қалай сақтануға болады
01.11.2026 10:52