|
09.01.2024 | 09:37
1526

Атақты неміс футболшысы Франц Беккенбауэр өмірден өтті

Ол кейінгі жылдарда «Бавария» командасының президент қызметін атқарды

Атақты неміс футболшысы Франц Беккенбауэр өмірден өтті wallpapercave.com

Атақты неміс футболшысы Франц Беккенбауэр 78 жасында өмірден өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Kazinform.kz-ке сілтеме жасап.

Аңыз футболшының жаз мезгілінен денсаулығына қатысты қиындық туындаған. Ақпарат құралдарында Франц жүрегіне екі мәрте ота жасалғаны хабарланды.

Франц Беккенбауэр 1945 жылы 11 қыркүйекте дүниеге келген. Футболшы мансабында 1964-1983 жылдарда Германияның «Бавария», «Гамбург», АҚШ-тың «Нью-Йорк Космос» клубтарында доп теуіп, 587 ойында 83 мәрте гол соқты.

Германия ұлттық құрамасы сапында 1965-1977 жылдарда 103 ойында қақпаны 14 мәрте дәл көздеді.

Франц Беккенбауэр 1972, 1976 жылдарда екі мәрте «Алтын доп» иегері атанды. Сондай-ақ Еуропа чемпиондары кубогының иегері болса, әлем және Еуропа чемпионы атақтарын жеңіп алды. Оған қоса 1990 жылы бапкерлік қызметінде тағы бір мәрте әлем чемпионы тұғырына көтерілді.

Кейінгі жылдарда «Бавария» командасының президенті қызметін атқарды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир