Францияда мешітке келгендерге оқ атқан адам өз-өзіне қол жұмсады

Францияда мешітке келгендерге оқ атқан адам өз-өзіне қол жұмсады
ВҒМ телеарнасының ақпараты бойынша, зардап шегушілер арасында мешіт имамы да бар
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Францияның батысындағы Брест қаласындағы мешітте оқ атқан адам өз-өзіне қол жұмсады. Бұл туралы France Info радиостанциясы полициядағы дереккөзге сілтеме жасап xабарлады.

Бейсенбі күні Париж уақытымен сағат 16:30 шамасында белгісіз біреу Брест қаласында (Францияның батысы) Понтанезен аймағында орналасқан мешіттің алдында адамдарға оқ атып, ізін суытқан. Атыс салдарынан екі адам жарақат алып, ауруxанаға жеткізілді.

ВҒМ телеарнасының ақпараты бойынша, зардап шегушілер арасында мешіттің имамы бар. Полиция күдіктіні бірнеше сағат бойы іздеп, оның денесін көлігінің маңынан тапты. Оның жеке басы анықталды, неліктен оқ атқаны тексеріліп жатыр. Франция ішкі істер министрі Кристоф Кастанер діни ғимараттар орналасқан аймақтарды жіті бақылауға алуды тапсырды.    

Новости партнеров