Оңтүстік Африканың Гаутенг провинциясының тұрғыны 37 жастағы Госиаме Тамара Ситол бірден 10 баланы дүниеге әкеліп, әлемдік рекорд жаңартты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ге сілтеме жасап.
Жүктіліктің ерте кезеңінде дәрігерлер УДЗ-де алты баланы көрген. Біраз уақыттан кейін келесі ультрадыбыстық зерттеуден соң олар құрсақта сегіз нәресте бар екенін хабарлайды. Алайда 7 ай 7 күнде Тамара Ситол он баланы дүниеге әкелді: жеті ұл және үш қыз. Мұндайға акушерлер де, ата-ананың өзі де таңғалған.
Дәрігерлердің айтуынша, сәбилер алдағы айларды инкубаторда өткізеді.
Ерлі-зайыптының алты жасар егізі бар.
Бір уақытта дүниеге келген балалар саны бойынша алдыңғы рекорд Мали тұрғынына тиесілі еді. Ол бірден 9 бала босанған.