|
09.12.2019 | 09:42
11015

Қайтыс болған анасының қасында бір апта қамалып жатқан бала көз жұмды

Ол жұртты көмекке шақырған, бірақ көршілері пәтерден шыққан дауысқа мән бермепті

Қайтыс болған анасының қасында бір апта қамалып жатқан бала көз жұмды Tengrinews.kz

Ресейдің Можга қаласында жалғызбасты ана қайтыс болды. ДЦП-ға шалдыққан баласы жанында қалған. 13 жасар бала ұзақ уақыт бойы пәтерде анасының мәйітімен тұруға мәжбүр болды. Церебралды сал ауруынан бөлек бала эпилепсиямен де ауырған. Сондықтан сөйлей алмады, деп хабарлайды Sputnik.

Куәгерлердің айтуынша, бала аш қалған. Айқайлап, жұртты көмекке шақырыпты. Алайда көршілері пәтерден шыққан дауысқа мән бермеген. Өйткені бұл баланың әдеттегідей дауысы деп ойлаған. Бала ас үйге жетіп, су ішу үшін кранды ашқан. Алайда мүгедек арбасынан құлап қалған. Осылай пәтерді су басып кеткен.

"Олардың пәтері 1-қабатта болатын. Сондықтан жертөлені су басқанын ешкім байқамады. Алдын ала мәліметке сәйкес, бала суық өткеннен көз жұмған", - деп жазады басылым.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

ДЦП
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир