Шри-Ланкада жарылыстан қаза тапқандардың саны 262 адамға жетті
Жарылыс салдарынан қаза тапқандар арасында қазақстандықтар жоқ
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Шри-Ланкада жарылыстан қаза тапқандардың саны 262 адамға, ал зардап шеккендердің саны 452 адамға жетті, деп хабарлайды News 1st телеарнасы.
Мұның алдында жарылыстан 215 адамның қаза тауып, 450 адамның зардап шеккені хабарланған еді.
Cоңғы мәліметтерге қарағанда, қаза тапқандардың ішінде Дания, Жапония, Пәкістан, Марокко, Үндістан, Бангладеш, ҚХР, АҚШ, Түркия және Ұлыбритания елдерінің азаматтары бар.
Сондай-ақ, жарылысқа қатысы бар деген күдікпен 13 адамның ұсталғаны айтылады.
Еске салайық, кеше, жексенбіде Шри-Ланкада екі жарылыс болған еді. Кейінірек Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі жарылыс салдарынан қаза тапқандар арасында қазақстандықтар жоқ екенін мәлімдеген болатын.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
12.11.2026 21:50
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
12.11.2026 08:15
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
12.11.2026 19:41
Кофенің пайдасы мен зияны: дәрігерлер нені ескертеді
13.11.2026 12:40
Алматыда 16-22 қараша аралығында ауа райы қандай болады
13.11.2026 08:13