|
04.05.2019 | 09:50
1310

«Голос. Дети» жобасы басшыларының бірі инфаркт алды

Конкурс нәтижесін тексеру үшін киберқылмыстарды тергейтін Group – BI компаниясы жалданған

«Голос. Дети» жобасы басшыларының бірі инфаркт алды

«Голос. Дети» шоуының шеф-редакторы Александр Подъяпольский инфаркт алып, ауруханаға түсті, деп хабарлайды Sputnik.

Бірінші арнадағы «Голос. Дети» шоуының кезекті маусымы даумен аяқталды. Жобада бизнесмен Ян Абрамов пен әнші Алсудың қызы Микелла Абрамова жеңіске жеткен болатын. Ал екінші орынды 12 жасар қазақ баласы Ержан Максим иеленді.

Көрермендердің дауыс беру нәтижесімен әншілердің тәлімгерлері де, шоу көрермендері де келіспеді. Олардың ішінде ресейлік танымал әртістер де бар. Көпшіліктің пікірінше, байқаудың айқын жеңімпазы Ержан Максим еді. Жұртшылық Микелла Абрамованың жеңісіне анасының танымалдылығы мен ауқатты отбасының ықпалы себеп болды деп пайымдайды.

Конкурс нәтижесін тексеру үшін киберқылмыстарды тергейтін Group – BI компаниясы жалданған.

Шоудағы шу The Voice форматындағы жоба авторы – голландиялық Talpa Media Holdings компаниясының да алаңдаушылығын туғызды.

Даудан соң әнші Алсу Евровидениеге қатысудан шеттетілді, ол бұл байқауда қатысушылардың ұпайын хабарлап тұруға тиіс болатын.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир