Қазақ полицейі АҚШ-тағы жаппай тәртіпсіздікке қатысты пікір білдірді

Фото : prosports.kz
Фото : prosports.kz
46 жастағы афроамерикалық жігіттің өлімі жергілікті тұрғындардың ашуын тудырған болатын
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Нью-Йорктегі қазақ полицей АҚШ-тағы жаппай тәртіпсіздік туралы айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

46 жастағы афроамерикалық жігіттің өлімі жергілікті АҚШ тұрғындарының ашуын тудырып, бейбіт басталған ереуілдің соңы жаппай тәртіпсіздікке ұласқан. Қайғылы оқиға 25 мамырда Миннесота штаты Миннеаполис қаласында болған еді. Осы ереуілдің басы қасында болған жерлесіміз Димаш Ниязов ондағы жайтты ашық түрде баяндап берді. Ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында: «өзінің өкілеттігін пайдалана отырып, халықты өлтіріп жатқан полицейлерді ақтамаймын. Олар форма мен белгі тағып жүруге лайық емес. Бұл естен адасу, мұны тоқтату керек», – деп жазды. Еске сала кетейік, Димаш Ниязов жақында әлемдік бокс кеңесінің шешімімен «Әлем батыры» атағын иеленген болатын.

Новости партнеров