Үндістанда су тасқынынан 121 адам қаза тапты
Топан су 1 789 үйді шайып кетті
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Үндістанның Керала штатында болған су тасқыны салдарынан 8 тамыздан бері кем дегенде 121 адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат India Today басылымына сілтеме жасап.
Ел үкіметі жариялаған деректерге сүйенсек, Малаппурам ауданы көп зардап шегіп отыр, мұнда 58 адам опат болған. Бұдан бөлек, Кожикоде ауданында 17, Вайанадта 12 адамның өмірі қиылған.
Тасқыннан туған оқыс оқиғалардан зардап шеккендер де аз емес. Хабарларға қарағанда, 40 адам жарақат алып, тағы 2 адам хабар-ошарсыз кеткен.
Топан су 1 789 үйді шайып кетті, 26 000 адам уақытша лагерьлерді паналауға мәжбүр болып отыр.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33