«Сені ертең жейміз»: медбикенің науқасқа жазған хаты жұртты шошытты
sputniknews.kz
Желі қолданушылары Қытай ауруханасындағы медбикенің хатын күлкіге айналдырды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қытайдағы клиникалардың бірінде медбикенің науқасқа қалдырған ескерту хаты Reddit порталының қолданушыларын таңғалдырды, деп хабарлады Sputnik.
Хат Қытай тілін түсінбейтін шетелдік науқасқа жазылыпты. Аурухана қызметкері тапқырлық жасауға мәжбүр болған: ол сурет арқылы кешкі оннан кейін ішіп-жеуге болмайтынын, себебі келесі күні 08.00-де операция жасалуы керек екенін түсіндірген.
Дегенмен медбикенің не айтпақ болғаны жұрттың бәріне бірдей түсінікті болмай шықты.
«Біреу ас-сусыз қалып, белгілі бір уақыт ішінде бұл азаптың бәрінен құтылғысы келетінін айтқан секілді көрінеді», — деп жазды Reddit қолданушылары.
«Тамақ пен су таусылды, сондықтан біз сені ертең сегізде жейміз», — деп кекетті тағы бір пайдаланушы.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33