|
18.03.2019 | 10:00
1418

Өзбек кәсіпкері билікке наразылық ретінде жалаңаштанды

Paynet төлем қабылдау терминалының қожайыны қала билігінің аппаратты алып тастау талабына наразылығын осылай білдірген

Өзбек кәсіпкері билікке наразылық ретінде жалаңаштанды Азаттық

Өзбекстанда Әндіжан облысы Асака қаласының тұрғыны 12 наурызда тыр жалаңаш күйі асфальтқа жатып алды деп жазады centralasian.org. Paynet төлем қабылдау терминалының қожайыны қала билігінің аппаратты алып тастау талабына наразылығын осылай білдірген.

Жергілікті кәсіпкер жалғыз ғана күнкөріс көзінен айрылып қалғысы келмеген. «Сол күні Асака басшысы Хурсанд қажы кәсіпкерге терминалды алып тастайтынын айтқан. Бұл жігіттің дені сау. Ол осы әрекет арқылы билікке кәсіпкерді жалаңаш қалдыратынын білдіргісі келген», - деді оқиға куәгері.

Қала әкімдігіндегі бір шенеуніктің айтуынша, төлем қабылдау терминалының қожайынына басқа бір кәсіпкерден шағым түскен.

«Сол көшедегі кәсіпкердің бірі қала басшысына шағымданған. Өйткені төлем қабылдау аппараты оның дүкеніне кіретін жерді жауып тұр», - деді шенеунік.

Дереккөз мәліметі бойынша, қала билігі төлем қабылдау терминалына тиіспейтін болды. «Билік үркіп қалды, өйткені мұндай жалаңаштану акциясы Өзбекстанда бірінші рет болып отыр. Жергілікті билік бұл мәліметтің президентке жетуінен қорқады, сонда көптеген адам қызметінен айрылуы мүмкін», - деді жергілікті шенеуніктің бірі.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир