Жұмыстан шығарылған құрылысшы экскаватормен элиталық үйлерді қиратты
© AP Photo / Charlie Riedel
Канадада ер адам демалыс базасының аумағына арнайы техниканы әкеліп, коттедждерді бұзды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Канаданың Онтарио провинциясында ер адам экскаватормен элиталық коттедждерді бұзды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik сайтына сілтеме жасап.
Онтариодағы Мускока көлінің жағасында болған оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде пайда болды. Оны куәгерлер видеоға түсіріп алған.
Көлікте 59 жастағы ер адам болған. Ол арнайы техниканы элиталық базаның аумағына апарып, көл маңындағы үйлерді сүрмек болған.
Канадалық қамауға алынды. Сот 4 мың доллар айыппұл салу туралы қаулы шығарды. Полиция күдікті демалыс базасының құрылысында жұмыс істегенін айтты. Оны жұмыстан шығарып жіберген.
Оқиға болған аймақ ауқатты туристер арасында танымал.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
12.10.2026 12:54
Дәрігерлер күндіз қанша уақыт ұйықтау керек екенін айтты
11.10.2026 11:14
Қанттың зияны тағам түріне байланысты ма: диетологтар ескертуі
11.10.2026 17:43
Алматыда 12-18 қазан аралығында ауа райы қандай болады
12.10.2026 09:00