Кешірім сұрады: тікелей эфирде тележүргізуші ыңғайсыз жағдайға қалды (видео)

CC0
CC0
Телеарна жүргізуші зардап шекпегенін хабарлады. Бірақ ол тікелей эфирдегі репортажын жалғасыра алмады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Тікелей эфир кезінде Грекияның ANT1 арнасының тележүргізушісі Лазос Мантикоске доңыз шабуыл жасады. "Қайырлы таң, Грекия" бағдарламасын жүргізетін оның әріптестері күлкіге қарқ болды.

Protagon басылымының хабарлауынша, 26 қараша күні таңертең журналист Кинета қаласында барып, дауыл салдарына қатысты репортаж жасаған. Эфир кезінде тележүргізуші сюжетін жалғастыра алмайтынын айтты. Өйткені оған доңыз шабуыл жасап, тістей бастаған.

"Мені естіп тұрсыздар ма, мына доңыз таң атқаннан бері соңымыздан қалар емес. Бір орында тұра алмаймын, мені тістеп жатыр", - деді Мантикос.

Эфир кезінде журналист доңыздан қашып жүріп көрерменнен кешірім сұрады. Оның студиядағы әріптестері күлкісін тия алмады. Кейін телеарна журналист аман екенін хабарлады, айтарлықтай жарақат алмаған.

Бұған дейін NBC тележүргізушісі Кортни Кьюб тікелей эфир жүргізіп отырған кезде кішкентай баласы студияға кіріп кеткені туралы жазған болатынбыз. 2017 жылы BBC-дің тікелей эфирі кезінде де ұқсас жағдай болған еді. Сарапшы Роберт Келлимен сұқбаттасып отырғанда жүргізушінің балалары кадрге кіріп кетті.

Sputnik.

Новости партнеров