Түрікменстанда ішкі істер министрі жұмыстан қуылып, шені төмендетілді
inform.kz
Исгендер Муликов лауазымын теріс пайдаланған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердымухамедов біршама кемшіліктерге жол бергені үшін Ішкі істер министрін лауазымынан босатты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА «Түрікменстан бүгін» агенттігіне сілтеме жасап.
Түрікменстан президенті, елдің Қарулы Күштерінің Жоғары Бас қолбасшысы Гурбангулы Бердымухамедовтің жарлығымен полиция генерал-лейтенанты Муликов Исгендер Хандурдыевич Түрікменстан ішкі істер министрі лауазымынан босатылды әрі бүкіл мемлекеттік марапаттарынан айырылып, атағы полиция майоры арнаулы атағына дейін төмендетілді.
Агенттіктің хабарлауынша, Исгендер Муликов өзіне бағынышты құрылымдардың жұмысында айтарлықтай кемшіліктерге жол берген, оның үстіне лауазымын теріс пайдаланған.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
22.10.2026 08:10
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
23.10.2026 08:10
Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директорын қабылдады
22.10.2026 14:32
Алматының вайбы күзге арналған: тұрғындар қала туралы не дейді
22.10.2026 21:41