|
15.08.2019 | 10:26
1261

Зейнеткер тұрғын үйде ілініп тұрған альпинистердің арқанын кесіп жіберді

Ресейде қарияға бұзақылық ниетпен екі адамды өлтірмек болды деген айып тағылып жатыр

Зейнеткер тұрғын үйде ілініп тұрған альпинистердің арқанын кесіп жіберді

Пермьде 70 жастағы зейнеткер тұрғын үйде ілініп тұрған альпинистердің арқанын кесіп тастаған, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РФ тергеу комитетінің аймақ бойынша тергеу басқармасына сілтеме жасап.

13 тамызда 28 және 30 жастағы екі альпинист көппәтерлі үйдің тоғызыншы қабатында жұмыс жүргізген. Олардың әрекеті тұрғындардың біріне ұнамаған көрінеді. Ашуға булыққан зейнеткер олардан жұмысын тоқтатуды талап еткен. Бірақ олар бас тартқан. Соған ашуланған ол шатырға көтеріліп, жігіттерді ұстап тұрған арқанды кесіп тастаған.

Жұмысшылардың бірі құлап, бірнеше қабатты ұшып өтіп, сақтандыру арқандарында ілініп қалған. Ал екіншісі шатырға тез көтеріліп, зейнеткерге арқан мен сақтандыру құралдарын соңына дейін кесуге кедергі жасады. Ал кейін әріптесін көтеріп алды.

«Қазіргі уақытта күдікті ұсталды, оған қатысты бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешіліп жатыр. Жасалған қылмыстың мән-жайы анықталады. Тергеу жалғасып жатыр», - делінген хабарламада.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

қария
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир