"Гарри Поттер" фильміндегі Хагридтің рөлін ойнаған Робби Колтрейн дүние салды
tengrinews.kz
Актер 73 жасында қайтыс болды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
"Гарри Поттер" фильміндегі Хагридтің рөлімен көпшілікке кеңінен танымал, британдық актер Робби Колтрейн дүниеден озды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Актер 73 жасында қайтыс болды, деп жазады The Hollywood Reporter.
Робби Колтрейн (шын аты — Энтони Роберт Макмиллан) - актер, комик, сценарист және продюсер. Ол 1950 жылы 30 наурызда Шотландияның Рутерглен қаласында дүниеге келген. Беделді Гленалмонд колледжінде оқып жүргенінде тәртіп бұзып, оқудан шығып қала жаздаған. Содан кейін ол Глазго өнер мектебін және "Теңіздер үйі" педагогикалық колледжін тәмамдады.
ТМД көрермендеріне ол, көбінесе "Крекердің тәсілі" детективтік сериясындағы психолог Фицджеральдтың, сондай-ақ, "Қашқын Әулиеқыздар" фильміндегі Инвиолата әжейдің рөлі арқылы есте қалды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
17.11.2026 17:40
Қысқы күн тоқырауы: ғалымдар 2026 жылдың ең қысқа күнін атады
18.11.2026 12:55
Алматыда 16-22 қараша аралығында ауа райы қандай болады
18.11.2026 08:13
Қысқы жолда қандай шинамен жүрген дұрыс
17.11.2026 09:40