Моңғолияда боран кезінде малшылар қаза тапты

elements.envato.com
elements.envato.com
Олардың арасында 11 жастағы бала бар
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Моңғолия билігі алапат қарлы бораннан қаза болғандардың отбасына қаржылай көмек көрсетеді. Бұл туралы бүгін Моңғолияның Төтенше жағдайлар министрлігі мемлекеттік комиссиясының хатшысы Тувшинсайханы Баярхуу мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, өткен демалыс күндері күшті қарлы боран салдарынан Моңғолия жерінің 60 пайызға жуығын қар басып қалған.

«Іздеу-құтқару операциясының арқасында біз жаппай қарлы боран кезінде із-түзсіз жоғалып кеткен 38 адамды құтқара алдық. Алайда қатты боран кезінде тоңып қалған моңғолдық сегіз көшпелі малшы өлі күйінде табылды», - деді ол.

Т.Баярхуу сонымен қатар қазіргі уақытта елдің Төтенше жағдайлар жөніндегі бас басқармасы табиғи апаттың салдарын жою бойынша барлық қажетті шараны жалғастырып жатқанын атап өтті.

«Моңғолияның Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комиссиясы қайтыс болған көшпелі малшылардың отбасына 5 млн моңғол тугригі (1450 доллардан астам) бөлінетінін хабарлады», - деп қосты ол.

6 қарашада Моңғолияның Тув және Увурхангай аймақтарында күшті қарлы боран салдарынан сегіз көшпелі малшы қаза болған. Олардың арасында 11 жастағы бала бар.

Новости партнеров