Дәрігерлер жерде ес-түссіз жатқан адамға көмектесудің орнына KFC жеп отыра берген
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Мәскеу облысының Одинцово қаласындағы KFC асханаларының бірінде дәрігерлер ес-түссіз жатқан ер адамға алғашқы көмек көрсетпеген сәтін тұрғындардың бірі видеоға түсіріп алған. Видео ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі «Типичное Одинцово» тобында жарияланды, деп жазады NewTimes.kz ақпараттық басылымына сілтеме жасап sn.kz порталы.
Кадрда 3 жедел жәрдем қызметкерінің тамақтанып отырғанын, ал кіре берісте белгісіз ер адамның ес-түссіз жатқанын көруге болады. Дәрігерлер сәлден соң әлгі адамның дәл жанынан түк болмағандай өтіп, сыртқа шығып кетеді.
15 минуттан соң олар асханаға қайта оралып, ер адамды ауруханаға алып кетеді. Алайда оның қазіргі жағдайы жайлы дәрігерлер ешқандай ақпарат жарияламай отыр.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
02.11.2026 08:11
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33
Суыққа аллергия деген не және одан қалай сақтануға болады
01.11.2026 10:52