|
04.05.2019 | 10:53
1873

136 жолаушы мінген ұшақ өзенге құлады (ФОТО)

Boeing 737 ұшағы апаттық жағдайда өзенге қонуға мәжбүр болды

136 жолаушы мінген ұшақ өзенге құлады (ФОТО)

Ұшақтағы 136 жолаушының арасында әскерилер мен олардың отбасы болған.

АҚШ-тың Флорида штатында Boeing 737 ұшағы апаттық жағдайда өзенге қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды РИА Новости.

Бортта 136 адам болған. Ұшақ жолаушылары түгел аман қалды.

Джексонвилл қаласының шерифі апатқа ұшыраған Boeing 737 ұшағын суретке түсіріп алып, таратқан.

Белгілі болғандай, Miami Air компаниясына тиесілі ұшақ Кубадағы АҚШ-тың әскери теңіз базасынан чартерлік рейс орындап келе жатыпты.

АҚШ-тың Гуантанамодағы әскери теңіз базасының өкілдері Facebook желісінде хабарлағандай, Джексонвиллдегі ұшақ апатынан ешкім зардап шеккен жоқ. Miami Air компаниясынан жалға алынған вахталық ұшақ Кубадан Флоридаға келе жатқан екен. Бұл ұшақ әскерилер мен олардың отбасы мүшелерін және басқа да келушілерді Флорида мен Гуантанамо арасында тасымалдайды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир