Оқушы қыз емтихан кезінде босанып қалды
18 жастағы қыз есін тез жиып, аудиторияға қайта оралған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Гвинея тұрғыны босанған соң бір жарым сағаттан соң емтихан тапсыруға қайта оралды, деп хабарлайды zakon.kz.
Маму қаласының 18 жастағы оқушысы Фатумата Курума Конде оқуға түсу үшін емтихан тапсыруға келіп, сол жерде толғағы қысқан екен. Ол дереу ауруханаға жеткізіліп, 10 минуттан кейін ұл туды. Ең қызығы, есін тез жинаған қыз артынша аудиторияға оралған.
Курума Конде айы-күні жақын екенін күйеуінен де, туған-туыстарынан да жасырған. Себебі олар білсе, емтиханға жібермей қояды деп қорыққан.
«Менің емтиханды өткізіп алғым келген жоқ. Өйткені оған бір жыл бойына дайындалдым ғой», – дейді жас ана.
Емтихан орталығының жетекшісі Мохамед Диаките жергілікті БАҚ-та бұл оқиғаның нақты болғанын растаған.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
22.10.2026 08:10
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
23.10.2026 08:10
Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директорын қабылдады
22.10.2026 14:32
Алматының вайбы күзге арналған: тұрғындар қала туралы не дейді
22.10.2026 21:41