Ресейде пәтер иесі ауласында шулаған 5 адамды атып өлтірді

golos.ua
golos.ua
Күдікті оқиғадан кейін 2 сағаттан соң ұсталған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Рязан облысының полиция өкілдері бес адамды өлтірген күдіктіні ұстады, деп хабарлайды tengrinews.kz. 

РИА Новости агенттігінің жазуынша, Касимов ауданы Елатьма аулында болған қылмыс туралы хабар сенбі күні, 4 сәуірде сағат 22:00-де түскен. Тергеу болжамы бойынша күдікті балкон түбінде шулап тұрған жастарға алдымен ескерту жасаған.

Алайда сөзге келісіп қалған ер адам аңшы мылтығын алып, подъездге шығып, төрт жігіт пен бір қызға оқ атқан. Алған жарақат салдарынан бесеуі де оқиға орнында қайтыс болған. 

Күдікті оқиғадан кейін 2 сағаттан соң ұсталған. Мылтық күдіктінің үйінен табылған. Іс материалдары Тергеу комитетіне жіберілген. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған. Тергеу күдіктіні қамауға алу туралы сотқа шағым түсірмек.

Новости партнеров