|
30.04.2019 | 11:01
1533

Компьютердің қателігінен 20 студент өзіне қол салды

Студенттер емтиханнан «құлап» қалған

Компьютердің қателігінен 20 студент өзіне қол салды

Үндістанның Телингана штатында емтиханнан нашар баға алған жиырма студент өзіне қол салды, деп хабарлайды Lenta.ru.

Ақпан мен наурызда миллионға жуық адам емтихан тапсырған. Оның 350 мыңға жуығы өте төмен баға алды. Емтиханнан «құлап» қалған 20 студент өзіне қол салып қайтыс болған. Кей деректер бойынша көз жұмған студенттер одан да көп: Daily Mail 21 суицид жасалғаны туралы хабарлайды.

Қайтыс болған студенттердің әке-шешелері төмен бағалардың тым көбейіп кеткеніне тест жауаптарын өңдейтін компьютерлік бағдарлама кінәлі деп айып тақты. Халық көшеге шығып, наразылық білдірген соң билік бағасы төмен тест жауаптарын қайта тексеруге мәжбүр болған. Қайта тексеруге жазылған 50 мың студент бұл жолы жеткілікті балл жинай алды, бірақ бәрібір бағалауға көңілі толмайтынын айтып отыр.

Калвакунтла штаты үкіметінің басшысы Чандрашекхар Рао студенттерді сабырға шақырып, асығыс қадам жасаудан сақ болуға шақырды.

«Емтихандағы сәтсіздік одан ары өмір бітті дегенді білдірмейді. Бұл жарық дүниеге баға жетпейді. Емтиханнан құлап қалсаңдар да, өмірде әлі талай мүмкіндік болады», – деді ол студенттерге.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир