|
30.04.2019 | 11:20
1560

Зеленскийдің Түркиядағы демалысына қанша қаржы жұмсалғаны белгілі болды (фото)

Зеленский барған жерлерде қатаң қауіпсіздік шаралары жүргізілген

Зеленскийдің Түркиядағы демалысына қанша қаржы жұмсалғаны белгілі болды (фото)

Украинаның жаңа Президенті Владимир Зеленский отбасымен бірге Түркияда үш күн демалып қайтты. Шоумен дауыс беру нәтижесі шыққан соң, бірден демалысқа аттанған. Жаңа мемлекет басшысы тоқтаған қонақүйдің қызметкері танымал отбасының демалысына қанша қаржы жұмсағанын айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Владимир Зеленский отбасымен бірге Бодрумдағы бес жұлдызды қонақ үйге орналасқан. Анықталғандай, оның сол жерде үш күн түнегенінің өзі 30 мың долларды құрауы мүмкін. Ал ұшақпен ұшып келу мен қайту шамамен 33 мың доллар болмақ. Бұл туралы Украина Президенті демалған қонақүйдің қызметкері мәлімдеді.

Оның айтуынша, қазіргі таңда Түркияда Президенттік вилланы бір тәулікке жалға алу он мың долларды құрайды. Алайда, жазда бұл сома үш есе өсіп кетеді екен.

Бөлмелерді тіркеу бөлімінің өкілі қазіргі таңда стандартты виллалар төрт адамға шаққанда аптасына 15 мың доллар тұратынын хабарлады. Қарапайым бөлмелер өз кезегінде 4,5 мың долларға бағалануда.

Қонақүй қызметкерінің айтуынша, бөлменің бағасы клиент пен онымен арадағы келісіміне тікелей байланысты.

Зеленский ұшып барған Turkish Airlines әуекомпаниясы бизнес-класспен Киевтен Бодрумға жетуге және қайтуға төрт адам үшін 2500-3000 доллар болатынын айтты.


Зеленский барған жерлерде қатаң қауіпсіздік шаралары жүргізілген.

Украина басшысы 29 сәуір күні еліне оралды.

Агенттіктің хабарлауынша, ол Түркияда өзімен бірге жүргендердің барлығына алғыс білдірген. Артынша президентті жергілікті билік VIP-терминалдан шығарып салған.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир