Ташкентте метро құрылысы кезінде төтенше жағдай болды
Апат салдарынан бес адам қаза тапты
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Ташкентте толассыз жауған жауын-шашын салдарынан метро құрылысы кезінде жер опырылды, - деп хабарлайды tengrinews.kz Podrobno.uz.-ға сілтеме жасап.
Басылымның мәліметінше, төтенше жағдай жергілікті уақыт бойынша шамамен сағат 10.00-де құрылыс жұмыстары кезінде болған. 250 текше метрге жуық жерде топырақ опырылған.
Құтқарушылар оқиға орнынан бес адамның денесін тапты - 1999 жылғы Д.Абдуллаев, 1986 жылғы А.Диеров, 1989 жылғы Ж.Равшанов, 1956 жылғы Т.Абдуллаев пен 1996 жылғы И.Рахматов.
Төтенше жағдайдың салдарын жою мақсатында Төтенше жағдайлар министрлігі мен мердігерлік құрылыс компаниялары жұмылды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
27.10.2026 08:11
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
27.10.2026 09:40
Абай алаңында Республика күніне арналған концерт өтті
26.10.2026 11:31