|
09.04.2020 | 11:05
11284

Аустария ғалымдары ивермектин дәрісінің коронавирусты жоятын қабілетін анықтады

Олар ивермектиннің күшін тексеру үшін арнайы зерттеу жүргізген

Аустария ғалымдары ивермектин дәрісінің коронавирусты жоятын қабілетін анықтады открытые источники

Аустария ғалымдары ивермектин дәрісінің коронавирусты жоятын қабілетін анықтады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мамандардың болжауынша, паразитке қарсы препарат SARS-CoV-2-нің жасушасының көбейіп кетуіне тосқауыл болып, оны екі күннің ішінде баса алады. Олар ивермектиннің күшін тексеру үшін арнайы зерттеу жүргізген. Яғни коронавирус жұқтырған клеткаға дәріні екі сағаттан кейін енгізген. Нәтижесінде дәрінің бір дозасы 24 сағаттан кейін вирустық рибонуклеин қышқылын 93 пайызға, ал екі тәуліктен кейін 99 пайызға дейін төмендеткен.

Сөйтіп, ғалымдар бұл препараттың вирусты жойып жіберетін әсерге ие екеніне көз жеткізген. Сондай-ақ, тәжірибе барысында ивермектиннің алынған үлгілерге еш зиян келтірмейтіні байқалған. Оқымыстылар аталмыш препарат коронавирусты төмендетуге, ауру кезіндегі асқынуларды болдырмауға және инфекцияның адамнан адамға таралуын тоқтатуға көмектеседі деп үміттенеді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир