|
14.07.2024 | 11:07
1029

Дональд Трамп қастандықтан кейін мәлімдеме жасады

Ол АҚШ-тың Құпия қызметі мен құқыққорғау қызметкерлеріне алғыс білдірді

Дональд Трамп қастандықтан кейін мәлімдеме жасады Фото: Jeff Swensen/Getty Images

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп сенбі күні Пенсильвания штатында ұйымдастырылған қастандықтан кейін желіде мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі truthsocial.com желісіне сілтеме жасап.

Дональд Трамп оқиғадан кейінгі мәлімдемесін Truth Social желісінде жариялаған.

- АҚШ-тың Құпия қызметі мен барлық құқыққорғау қызметкерлеріне алғысымды білдіргім келеді. Олар Пенсильвания штатында Батлер қаласында болған атысқа қарсы шұғыл түрде әрекет етті. Митинг кезінде қаза тапқан адамның отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтамын. Аса ауыр жарақат алған азаматтың жанұясына қолдау білдіремін. Мұндай жағдай біздің елімізле болып жатқаны жаныма батады. Қазіргі уақытта қайтыс болған снайперге қатысты ешқандай ақпарат жоқ. Атылған оқ оң жақ құлағымның үстіне тиді. Мен бір нәрсе болып жатқанын бірден сездім. Атыстан кейін құлағыма оқ тигенін байқадым. Қатты қан ақты. Сол кезде не болып жатқанын түсіндім. Құдай Американы сақта, - деп жазды Трамп.

Айта кетейік, оқыс оқиға Дональд Трамптың Пенсильвания штатындағы Батлер қаласында өткен халықпен кездесуінде болған. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Трампқа жасалған қастандыққа қатысты пікір білдірді. 

Оқи отырыңыз: Тоқаев АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трампқа жасалған қастандықты қатаң айыптады

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир