|
18.03.2020 | 11:16
987

Қырғызстанда кіші қажылықтан келгендерден коронавирус шықты

Бұл туралы аталған елдің Денсаулық сақтау министрі Космосбек Чолпонбаев мәлімдеді

Қырғызстанда кіші қажылықтан келгендерден коронавирус шықты kabar.kg

Қырғызстанда коронавирус жұқтырған алғашқы 3 дерек тіркелді. Бұл туралы аталған елдің Денсаулық сақтау министрі Космосбек Чолпонбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның сөзінше қауіпті індетті жұқтырғандардың барлығы Сауд Арабиясында кіші қажылықтан келген. Одан өзге Түркияда коронавирустан алғашқы адам көз жұмды. Қаза тапқан адам 89 жаста болған. Түркияның денсаулық сақтау министрінің айтуынша, қайтыс болған қария Қытайға барған жұмыс сапарынан қауіпті індетті жұқтырған. Қазір таңда Түркияда коронавирусқа шалдыққандардың саны 98-ге жетті. Сондай-ақ, аты жаман ауру ушығып тұрған Италия елінде соңғы тәулікте 345 адам ажал құшты. Осылайша, ондағы қаза тапқандардың саны 2 жарым мыңнан асты. Ал, коронавирустан емделіп шыққандар 3 мыңға жуықтады. Әлемнің 155 еліне таралған коронавирусты 197 мың 159 адам жұқтырған.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир