«Крокус Сити» концерт залындағы терактіге қатысты төрт күдікті екі айға қамауға алынып, оларға ұйымдасқан топ құрамында теракт жасады деген айып тағылды. Мәскеудің Басман соты олар өз кінәларын толық мойындағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі BBC-ге сілтеме жасап.
Төртеуінде де ұрып-соғудың айқын белгілері болған, біреуінің басы таңылған, екіншісі мүгедектер арбасында сотқа жеткізілген.
Далержон Мирзоев, Муродали Рачабализода, Мухаммадсобир Файзов және Шамсидин Фаридуни 22 мамырға дейін қамауға алынды.
Оларға ұйымдасқан топ құрамында адам өліміне әкеп соқтырған теракт жасады деген айып тағылып отыр.
Тергеушілердің айтуынша, төртеуі де 130-дан астам адам қаза тапқан «Крокус Сити» концерт залында жасалған шабуылдың тікелей қатысқан.
Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті