"Өліп кете жаздадым": Джеки Чан түсірілім кезіндегі қорқынышты оқиғасын айтып берді
REUTERS©
65 жастағы актердің айтуынша, теңіздегі атыс кезінде ол тасқа ілініп қалып, батып кете жаздаған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Актер Джеки Чан "Авангард" фильмінің түсірілімі кезінде өліп кете жаздағанын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
65 жастағы актердің айтуынша, теңіздегі атыс кезінде ол тасқа ілініп қалып, батып кете жаздаған.
"Бір кезде қатты қорқып кеттім, денем қалтырай бастады. Өліп кете жаздадым", - дейді актер.
Джеки Чанды әріптестері құтқарып қалған.
Актердің айтуынша, бұл оқиға түсірілім алаңын есеңгіретіп тастаған. Фильм режиссері Стэнли Тун көзіне жас алған. Ал актер жағдайы жақсы екенін түсіндіріп, түсірілімді жалғастыруға болатынын айтқан.
Джеки Чан басты рөлде ойнайтын "Авангард" фильмі 2020 жылы 25 қаңтарда шығады.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
11.10.2026 11:30
Дәрігерлер күндіз қанша уақыт ұйықтау керек екенін айтты
11.10.2026 11:14
Қанттың зияны тағам түріне байланысты ма: диетологтар ескертуі
11.10.2026 17:43
Алматыда 12-18 қазан аралығында ауа райы қандай болады
11.10.2026 17:34