Түркияда коронавирус жұқтырудың алғашқы дерегі тіркелді

Twitter.com
Twitter.com
Соңғы мәлімет бойынша, әлемде қатерлі індетті жұқтырғандар саны 113 мыңнан асты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бұл туралы аталған елдің денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджа мәлімдеді. Оның сөзінше, вирус жақында ғана Еуропадан оралған азаматтан анықталған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Сондай-ақ, Британияның денсаулық сақтау министрі Надин Доррис те қауіпті дертті жұқтырыпты. Ол қазір өз үйінде оқшауланған. Өткен жексенбіде Доррис Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсонмен бірге қабылдауда болған. Сонымен қатар, ол парламент пен министрлікте жүздеген адаммен кездесіпті. Ұлыбританияда коронавирусты жұқтырудың 300-ге жуық жағдайы тіркелген.

Еске сала кетейік, соңғы мәлімет бойынша, әлемде қатерлі індетті жұқтырғандар саны 113 мыңнан асты. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандары, аспан асты елінде пневмонияның жаңа түрін жұқтырғандар саны азайып, басқа елдерде бұл көрсеткіш күн санап артуда дейді. Мәселен, соңғы тәулікте Қытайдан тыс елдерде вирус жұқтырудың 4 мың 125 дерегі тіркелсе, Қытайда 20-ақ адам анықталған.

Новости партнеров