Әлеуметтік желіде «ұшатын кілемнің» видеосы пайда болды

Twitter @sha_ji1
Twitter @sha_ji1
«Аладдин» мультфильміндегі кадрларды еске салатын видео жарияланды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Твиттер қолданушысы Гималайдағы тау үстіндегі жолмен жүрген жүк көлігінің видеосын жариялады. Оны көптеген қолданушылар ұшатын кілем деп қалып, таң қалған, деп хабарлайды Almaty.tv zakon.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Видеоға түсіру тәсілінің ерекшелегіне байланысты мұнда адамдар ауада өздігінен қалқып бара жатқандай көрінуі мүмкін.

«Мен мұны ұшатын кілем деп ойлап қалдым», - деп жазады желі қолданушыларының бірі.

Көпшілігі онымен келісе кеткен, тіпті бұл көріністің «Аладдин» мультфильміндегі кадрларды еске салатынын жарыса жазған.

Ал тағы бірі бұдан гөрі, жаяу серуендегенді жөн көретінін жазған. Өйткені, олардың пікірінше, жолаушылар тасымалының бұл әдісі – өте қауіпті.


Новости партнеров