|
17.07.2022 | 11:40
4013

Грекияның солтүстігінде украиналық ұшақ апатқа ұшырады

Ұшақ бортында 8 адам болған

Грекияның солтүстігінде украиналық ұшақ апатқа ұшырады ertnews.gr

Грекияның солтүстігіндегі Кавала қаласына жақын жерде украиналық компанияға тиесілі Ан-12 жүк ұшағы апатқа ұшырады. Алдын ала мәлімет бойынша, ұшақ бортында сегіз адам болған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

Расталмаған мәліметтер бойынша, ұшақ бортында қауіпті жарылғыш заттар болған.

ERT мемлекеттік телеарнасы украиналық компанияға тиесілі Ан-12 ұшағы Сербиядан Иорданияға ұшып бара жатқанда жарялғанын хабарлады. Ұшқыш қозғалтқыш ақауына байланысты шұғыл қондыруды сұраған, бірақ ұшақ сигналы жоғалып кеткен.

Ertnews.gr сайтына жүктелген видеода жанып жатқан ұшақтың тез төмен түсіп кеткені көрсетілген. Өрт сөндіру қызметі ұшақтың түрін растай алмады, бірақ оның бортында сегіз адам болғанын айтты.

Оқиға куәгерлеріне сілтеме жасаған Еrtnews.gr ұшақ жүгері алқабына қонғанын мәлімдеді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир