АҚШ-тың солтүстік-шығысында қарлы боран салдарынан 300 мыңнан аса үй мен кәсіпорындар жарықсыз қалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Агенттіктің мәліметінше, Нью-Йорк штатында 190 000-нан астам үй мен кәсіпорын, Пенсильванияда тағы 47 000 үй жарықсыз қалған. Сонымен қатар, Мэн және Вермонт Штаттарындағы энергетикалық компаниялардың 32000 клиенті де жарықсыз қалған.
Бірнеше күн бойы жауған қалың қардан кейбір жағалаудағы аудандарда су тасқыны байқалғаны атап өтілді. Қар жауа бастағанына байланысты АҚШ-тың солтүстік-шығыс штаттарының тұрғындарына дауылды ескерту жарияланды.
Ұлттық метеорологиялық қызмет (NEWS) Пенсильвания, Вермонт және Нью-Йоркте тағы бірнеше сантиметр қар жауады деп хабарлады. Осыған қарамастан, агенттікте қар аз уақыт жауатынын, демалыс күндері температура 10 градус жылы болатынын хабарлады.