Атасы жаңа туған немересіне арақ ішкізген: отбасының қуанышы қайғыға ұласты
Сәбидің бір айға толуына орай бас қосуда орны толмас қайғылы оқиға болды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қытайдың Пекин қаласында ақсақал жаңа туған немересіне ішімдік беремін деп өлтіріп алды, деп хабарлайды Sputnik.
"Отбасының туған-туыстары мен достары сәбидің бір айға толуын атап өту үшін бас қосқан екен. Нәрестенің атасы тост айтқаннан кейін қонақтардың бірі: «Немерең ішпесе, қалай ішесің?" – деп қалжыңдайды.
Сол кезде ақсақал сәбиге өз бокалынан ішімдік ішкізген. Анасы жетіп барып, бөбекті қолына алады. Арада жарты сағат өткенде сәбидің тынысы тарылып, дем алмай қалыпты.
Баланы шұғыл ауруханаға жеткізгенімен, дәрігерлер өміріне араша түсе алмады. Сәби өлімі туралы қорытындыда нәрестенің ішімдіктен улану салдарынан шетінегені жазылған.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
03.11.2026 12:40
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
03.11.2026 08:11
SU LAB Street: Алматыда жаңа ғылыми зертханалар көшесі ашылды
02.11.2026 13:10