Әуеге көтерілген ұшақ тұрғын үйдің үстіне құлады
sn.kz
62 жастағы ұшқыш оқиға орнында көз жұмған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Мадейра қаласында екі моторлы Piper шағын ұшағы әуеге көтерілген кезде істен шығып, тұрғын үйдің үстіне барып құлаған. Бұл туралы ABC телеарнасы хабарлады.
Апат болған жердегі кадрда ұшақтың жанып кеткенін көруге болады. 62 жастағы ұшқыш оқиға орнында көз жұмған.
Мәлімет бойынша, ұшақ тұрғын үйдің басым бөлігін қиратқан, алайда тұрғындардың ешқайсысы зардап шекпеген, тіптен үйде болған екі ит те дін аман. Апат болған жерде АҚШ-тың федералды авиация басқармасының қызметкерлері жұмыс істеуде, әзірге ұшақтың құлауына не себеп болғаны анықталмаған.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
12.11.2026 21:50
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
12.11.2026 08:15
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
12.11.2026 19:41
Кофенің пайдасы мен зияны: дәрігерлер нені ескертеді
13.11.2026 12:40
Алматыда 16-22 қараша аралығында ауа райы қандай болады
13.11.2026 08:13