31 наурыз күні Түркиядағы сайлау учаскелерінің бірінде атыстан 2 адам қаза тапты, деп хабарлайды sn.kz.
«Біздің екі азаматымыз таңертең сағат 10-да сайлау учаскесіндегі келеңсіз жайттан қайтыс болды», - делінген хабарламада.
Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, сайлау учаскесінде саяси топтар арасында жанжал шығып, екі адамға оқ тиген. Олардың бірі сайлау учаскесінің қызметкері.
Атысқа қатысқан 4 адам тұтқындалды.
Түркия президенті Режеп Ердоған қайтыс болғандардың отбасы мен жақындарына көңіл айтты.
Ердоған 31 наурызда өткен муниципалдық сайлауда өзі жетекшілік ететін билік партиясы жеңіске жеткенін бұған дейін хабарлаған болатын. Сайлау Түркияның 81 провинциясында түгел өтті. Енді азаматтар қала мэрлерін, қоғамдық кеңес пен басқа да муниципалдық саясаткерлерді таңдайды.