Жүкті әйел видеоға қарап босанамын деп көз жұмды

stan.kz
stan.kz
Үй иесінің көршілері оған жүкті әйел өмір сүріп жатқан бөлмеден қан ағып жатқанын айтыпты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Үндістанда 26 жастағы әйел YouTube-тегі кеңестер бойынша үйінде босанамын деп көз жұмды. Оның сәбиі де шетінеп кеткен.

Бұл туралы Hindustan Times басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Оқиға Биландпур қаласында болған. Үй иесінің көршілері оған жүкті әйел өмір сүріп жатқан бөлмеден қан ағып жатқанын айтыпты. Артынша ол полиция шақырған.

Үй иесі есікті сындырып кіріп, әйел мен жаңа туған сәбиді өлі күйінде тапты. Олардың мүрдесінің жанында қайшы, өткір пышақ және жіп жатқан. Әйелдің смартфоны тексерілгеннен кейін, оның YouTube-тен көрген соңғы видеосы өздігінен босану туралы болғаны анықталды. Осыған байланысты полиция роликтің көмегіне сүйеніп босанбақ болды деп топшылап отыр.

Полицияның болжамынша, әйел тұрмысқа шықпай жүкті болып қалғандықтан ауруханаға бармаған. Марқұмның ата-анасы оның тұрмысқа шықпағанын растады.

Белгілі болғандай, жүкті әйел босануына 4 күн қалғанда пәтер жалдаған. Ол бөлменің иесіне өзін ауруханаға жеткізуге анасы көмектесетінін айтқан.

Новости партнеров