23 жастағы жігіт селфи жасаймын деп жанартауға құлап кетті
wikimedia
23 жастағы америкалық отбасымен бірге Неапольде демалған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Америкалық турист Везувий жанартауы шұңқырына құлап, зардап шекті, деп хабарлайды Almaty.tv.
turkystan.kz басылымының мәліметінше, 23 жастағы америкалық отбасымен бірге Неапольде демалған. Олар аймақтың басты көрікті жері – Везувий жанартауына барғысы келген.
Америкалықтар танымал әрі қауіпсіз саяхат жолын іздеудің орнына, тыйым салынған, өте қауіпті бағытты таңдаған.
Жігіт жанартауда селфи жасамақ болғанда, телефоны шұңқырға түсіп кеткен. Оны алуға тырысқан кезде ізінше өзі де құлаған. Құтқарушылар туристі құтқарып қалған. Ол айтарлықтай зардап шекпегені хабарланды.
Везувий тауы – Италиядағы ең белсенді жанартаулардың бірі. Сарапшылар оны әлемдегі ең қауіпті жанартаулардың бірі деп санайды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
20.10.2026 18:11
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
20.10.2026 08:10
Семсерлесушілеріміз Мароккодағы әлем Кубогында топ жарды
19.10.2026 08:40
Жалақы уақытында берілмесе қайда шағымдану керек
19.10.2026 14:45