Мемлекеттік бағдарламамен үй алғысы келген әйел 2,5 млн теңгесінен айырылып қалды
CC0
Өскемендік әйел бейтаныс жігітке алданып қалған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Өскемен қаласының тұрғыны мемлекеттік бағдарламамен баспана сатып аламын деп 2,5 млн теңгесінен айырылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
ШҚО полиция департаментінің ақпаратынша, маусым айында облыс орталығының 35 жастағы тұрғыны полицияға арызданған. Айтуынша, бейтаныс жігіт мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер сатып алу үшін кредит рәсімдеуге көмектесемін деп уәде еткен. Алаяққа сеніп қалған әйел 2 500 000 теңгесін бере салған.
Жедел шаралар барысында криминалдық полиция алаяқтық жасаған күдіктінің жеке басын анықтап, оны ұстады. Ол бұрын сотталған 25 жастағы қала тұрғыны болып шықты.
Бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабы 1-бөлігі "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Дереккөзі: Sputnik
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
20.10.2026 18:11
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
20.10.2026 08:10
Семсерлесушілеріміз Мароккодағы әлем Кубогында топ жарды
19.10.2026 08:40
Жалақы уақытында берілмесе қайда шағымдану керек
19.10.2026 14:45