Ғалымдар жер бетін құрлық динозаврлары мекен еткен кездегі теңіз бен мұхиттарды кезген ірі кесірткені анықтады, деп жазады Аlmaty.tv тілшісі ВВС-ге сілтеме жасап.
Бауырымен жорғалаушының қаншалықты үлкен екенін нақты айту қиын, бірақ тұмсығы мен құйрығын қосқанда ұзындығы шамамен екі автобустың ұзындығымен бірдей болатыны анықталды.
Теңіз гиганты шамамен 202 миллион жыл бұрын мезозой дәуірінің триас және юра кезеңдерінің шекарасында өмір сүрген.
Сарапшылар оның жақтары ұзындығы 25 метрге дейін жететін алып ихтиозаврға тиесілі екенін айтады.
Бұл өткен жылы Дорсет жағалауындағы жартастан табылған плезиозаврдан ұзынырақ.
Алайда жойылып кеткен теңіз алыбының өлшемін сенімді түрде анықтау үшін толық бас сүйегі мен қаңқасын табу керек.
Осы уақытқа дейін табылған сүйектердің фрагменті жалпы картинаны құрамайды, бірақ олар белгілі бір көлемде түсінік қалыптастырды.
Оқи отырыңыз: Сирек қолжазбаларды сандық форматқа ауыстыру қажет