Түркияның Кахраманмараш аймағында жер сілкінуінен зардап шеккен ауылдарда болат қаңқадан салынған алғашқы үйлер 6 ақпанда тапсырылады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Түркияның қоршаған орта, қала дамуы және климаттың өзгеруі министрі Мехмет Ожасеки Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасына сілтеме жасап. Министр ауыл үйлерінің суретін жүктеген.
- Болаттан салынған ауыл үйлерін берудің бірінші кезеңін бастаймыз. Соңғы 6 күн қалды, - деп жазды ол.
Өткен жылы 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысындағы Газиантеп провинциясында 6,4-6,6 магнитудалы, кейін 7,4 магнитудалы қуатты жер сілкінісі болған еді.
Жерасты дүмпулері елдің 10 провинциясында, сондай-ақ көршілес мемлекеттерде, соның ішінде Сирияда да сезілді.
Оқи отырыңыз: Алматыдан 252 шақырым жерде жер сілкінді