|
17.08.2019 | 12:49
2283

Қытайлық концертке бару үшін тонналаған қоқысты қопарып шықты

Оның әйелі байқаусызда билет салынған конвертті лақтырып жіберген

Қытайлық концертке бару үшін тонналаған қоқысты қопарып шықты

Шанхай қаласының тұрғыны тайвань-америкалық әнші Уилбер Панның (Wilber Pan) концертіне пошта арқылы алынған билетті байқаусызда лақтырып жіберген. Оның күйеуі әншінің жанкүйері екен, ақыр соңында ол билетті табу үшін тонналаған қоқысты қопаруға мәжбүр болған, деп жазды Sputnik.

Әйел конвертте қажетсіз түбіртек бар деп ойлап, оны шелектегі қоқысқа лақтыра салғанын мойындады. Оның ішінде күйеуінің көптен күткен билеті бар екенін келесі күні бір-ақ түсінген.

Шанхайда қоқыс құрғақ, дымқыл және қайта өңделетін болып бөлінеді. Жинаудан алдын қалдықтар арнайы контейнерлерде екі-үш күн сақталады. Қоқыс тазалаушылардың көмегімен ер адам үш тонна құрғақ қоқысты қопарып, сүйікті әртісінің концертіне алған билетін тауып алды.

Әйелдің айтуынша, отбасы қоқысты сұрыптауды әдетке айналдырған екен, күйеуі соның арқасында конвертті тез тауып алған.    

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир