|
29.05.2019 | 12:53
1102

3 апта бойы комада жатқан жасөспірім дезодоранттың исінен есін жиды

13 жасар Какпер Краузе қайықпен серуенге шыққанда суға батып кеткен болатын

3 апта бойы комада жатқан жасөспірім дезодоранттың исінен есін жиды

Англияның Камбрия графтығында анасы комада жатқан ұлына сүйікті дезодорантын әкеліп сепкеннен кейін жасөспірім комадан шыққан, деп жазады Stan.kz.

Ақпан айында 13 жасар Какпер Краузе достарымен бірге қайықпен серуенге шыққанда, кенет мұз ойылып, жүзе алмайтын жасөспірім бірден тұңғиыққа батып кеткен. Жасөспірім құтқарушылар жағаға алып шығып, одан жедел жәрдем жетем дегенше су астында 25 минуттай жатып қалған. Ақырында, құтқарушылар Краузені тікұшақпен ауруханаға жеткізеді. 

Дәрігерлер жасөспірімді ажал аузынан алып қалғанымен, ол комаға түсіп кетеді. Анасы ес-түссіз жатқан ұлының қасынан бір елі ұзамай, қолынан ұстап, тіпті онымен сөйлесіп те көрген. Бірақ онысынан еш нәтиже шықпайды. Содан бір күні медбике Краузені жуындыру керек дейді. Шомылдырған соң себу үшін анасы оның сүйікті дезодорантын әкеліп, бөлмеге шаша бергені сол екен, кенет ұлы көзін ашады. Міне, керемет! Жігіт өзінің үнемі себетін дезодарантының исін сезіп, есін жиып отыр. Бүгінде ол күн санап қалпына келіп жатыр дейді дәрігерлер.

«Менің дезодорантты шашқаным сол, қанша апта бойы есін жиғыза алмай жатқан ұлым кенет көзін ашты. Какпер өзінің сүйікті исін бірден таныса керек. Мен тіпті, өз көзіме өзім сене алмадым», — дейді баланың анасы.

Қазір Краузе дертінен айығып келеді. Оның тек сөйлеуінде және оң қолын қозғалтуында ғана кішігірім қиындықтар бар. Бір өлімнен аман қалған жасөспірім енді өзінің бойтұмарына айналған ерекше дезодорантты әрдайым сеуіп жүретінін айтады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир