|
09.04.2020 | 12:53
991

Италияда соңғы тәулікте COVID-19-ды жұқтырған тағы 1195 адам тіркелді

Бұл туралы аталған елдің Азаматтық қорғаныс қызметінің басшысы Анджело Боррелли хабарлады

Италияда соңғы тәулікте COVID-19-ды жұқтырған тағы 1195 адам тіркелді Фото: Antonio Masiello / Getty Images

Италияда соңғы тәулікте COVID-19-ды жұқтырған тағы 1195 адам тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы аталған елдің Азаматтық қорғаныс қызметінің басшысы Анджело Боррелли хабарлады. Оның сөзінше қауіпті індеттен өткен тәулікте 552 адам көз жұмған. Осылайша Италияда COVID-19-дың 96 мыңға жуық дерегі тіркелсе, оның ішінде 18 мыңға жуығы көз жұмды. Ал, Беларусь өз кезегінде пандемиямен күресуге Еуроодақтан көмек сұрады деп мәлімдеді еуропалық дипломатия басшысы Жозеп Боррель. Оның сөзінше, Беларусь елі өзінің денсаулық сақтау жүйесіне көмек көрсетуді және қаржылық көмек сұрады. Көмектің берілетіні немесе берілмейтіні әзірге белгісіз. Соңғы ақпарттарға сүйенсек, әлемде 1 миллион 48 мыңнан астам адам қауіпті індетті жұқтырса, оның 330 мыңға жуығы жазылыпты. 90 мыңға жуығы COVID-19-дан  көз жұмды.  

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир