|
15.09.2023 | 13:04
873

Қара қойдың суреті бар жемпір 1 млн долларға сатылды

Бұған дейін Диананың Ford Escort автокөлігі аукционда 806 000 долларға сатылған

Қара қойдың суреті бар жемпір 1 млн долларға сатылды prestigeonline.com

Диана ханшайымның қойдың суреті бар жемпірі Нью-Йорктегі Sotheby's аукционында адам нанғысыз сомаға - 1,14 млн долларға сатылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі inform.kz-ке сілтеме жасап.

Сауда-саттық 31 тамызда ашылып, аукционның соңғы минуттарына дейін жемпірге ең жоғары баға 200 000 долларға да жетпеді.

Sotheby's ұсынған лоттың құнын 50-80 мың аралығында дейін бағалады. Аукцион соңында 1 млн доллардан астам ақша төлеген жемпір иесінің кім екені жарияланбады.

Бұған дейін Диананың Ford Escort автокөлігі аукционға қойылып, 2022 жылы 806 000 долларға сатылған.

Диана жиі тағатын Аталланың аметиспен безендірілген крестін қаңтардағы аукционда Ким Кардашьян шамамен 203 мың долларға сатып алды.

Осы жолы сатылған жемпір Диананың король отбасындағы орнын білдіретіндігімен ерекше.

Бұған дейін Диана ханшайымның атақты қызыл ала жемпірі Sotheby's Icons of Style аукционына шығарылғанын  жазған болатынбыз.

Оқи отырыңыз: Қала күні қарсаңында Алматыда ArtbatFest заманауи өнер фестивалі өтіп жатыр


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир