|
04.02.2024 | 13:00
447

Түркияда тікұшақ апатқа ұшырады: қаза тапқандар бар

Оқиғаның себебі анықталып жатыр

Түркияда тікұшақ апатқа ұшырады: қаза тапқандар бар elements.envato.com

Түркияның Газиантеп аймағында тікұшақ апатқа ұшырады. Оқиға салдарынан екі ұшқыш қаза тапты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі nur.kz-ке сілтеме жасап. Бұл туралы Түркия ішкі істер министрлігінің басшысы айтты. Елдің Ішкі істер министрі Али Ерликаяның айтуынша, оқиға сенбі, 3 ақпан күні кешкі уақытта болған.

- Хатайдан Газиантепке ұшып бара жатқан полиция бас басқармасының Авиация департаментінің тікұшағы Газиантеп облысының Картал ауылына жақын жерде апатқа ұшырады. Тікұшақпен соңғы байланыс сенбі күні сағат 22:49-да (Астана уақытымен 19:49.) болған. Оқиғадан екі ұшқыш қаза тауып, бір техник жараланды, - делінген жазбасында. Алайда Түркия Ішкі істер министрлігінің басшысы тікұшақ апатының себебін атамады.

Оқи отырыңыз: Қымыз іштім: Шымкентте мас жүргізуші бағдаршамды құлатты

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир